KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 153,76 теңге
АЛМАТЫ. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD),
еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD) және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті.
Аталмыш тетіктер үшін бұл сессия негізгі болып саналады. Бүгін саудаға KASE-нің валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.
АҚШ долларының орташа бағамы Т+0 есебімен теңгемен 1 доллар үшін 153,76 (-0,05 теңге) теңгені құрады. Сауда көлемі -90 500 мың АҚШ долларын (-145 950 мың USD) құрайды, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен.
Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылу сәтінде баға белгіленімі болған жоқ. Еуро бойынша Т+0 есебімен доллармен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылу сәтінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендттер өткен таңертеңгілік сессияға сәйкес көрсетілген. Егер бұған дейінгі таңертеңгілік сессияда тиісті инструменттер бойынша мәмілелер жасалмаған болса немесе олар бойынша саудалар өткізілмесе, тренд көрсетілмейді