KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -145,28 теңгені, еуро бағамы - 210,70 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

  KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -145,28 теңгені,  еуро бағамы -  210,70 теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 145,28 теңгені, ал сауда көлемі 371 800 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,03 теңгеге арзандап, сессия көлемі 268 700 мың долларға өсті.

Ал Т+0 теңге есебімен еуроның орташа бағамы 210,70 теңгені құраса, сауда көлемі 300 мың еуроны шамалады.

Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.