KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -145,38 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша сауда сессиясы аяқталды.
None
None

25 сәуір ГФР мен Ұлыбританияда демалыс, Пасханың екінші күні, болғандықтан, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы болған жоқ. USDKZT_TOD санаты үшін аталған сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 145,38 теңгені, ал сауда көлемі 136 250 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,09 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 89 300 мың долларға азайды.

Соңғы жаңалықтар