KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 145,58 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 1 теңге есебімен (USDKZT_TOМ) АҚШ доллары бойынша, T+1 теңге есебімен (EURKZT_TOМ) еуро бойынша және Т+1 доллар есебімен (EURUSD_TOМ) еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 145,58 теңгені құрады

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне байланысты және демалыс күнінің сенбі, 5 наурыздан дүйсенбі 7 наурызға ауыстырылуға орай, Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро бойынша және Т+0 доллар есебімен (EURUSD_TOD) еуро бойынша сауда өткізілген жоқ. Сенбі күні саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 13 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+1 есебімен 146,145, 58 теңгені, ал сауда көлемі 101 500 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,10 теңгеге арзандап, сессия көлемі 318 650 мың долларға кеміді.

Т+1 теңге есебімен және Т+1 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.