KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы - 146,19 теңге, еуро бағамы 199,50 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы - 146,19 теңге, еуро бағамы 199,50 теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,19 теңгені (- 0,11 теңге), ал сауда көлемі - 218 250 мың долларды (+98 400 мың АҚШ доллары) құрады.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша баға белгіленімі болған жоқ. Сессия жабылар кездегі сұраныс бір еуро үшін 199,50 теңгені құрады, ұсыныс айтылған жоқ.

Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.