KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы - 146,30 теңге, еуро бағамы 198,95 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,30 теңгені (-0,06 теңге), ал сауда көлемі - 119 850 мың долларды (-11 950 мың АҚШ доллары) құрады.
Т+0 теңге есебімен еуроның орташа бағамы бір еуро үшін 198,95 теңгені, сауда көлемі - 150 мың еуроны құрады.
Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.