11:55, 10 Ақпан 2011 | GMT +5
KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,41 теңгені, еуро бағамы - 200,40 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,41 теңгені, ал сауда көлемі - 125 800 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,06 теңгеге , сессия көлемі 125 800 мың долларға арзандады.
Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сассия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 доллар есебімен еуроның орташа бағасы бір еуро үшін 1,3712 АҚШ долларын, сауда көлемі 6 800 мың еуроны құрады.