KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,47 теңгені, еуро бағамы - 200,40 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,47 теңгені, еуро бағамы - 200,40 теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,47 теңгені, ал сауда көлемі 173 350 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,18 теңгеге , сессия көлемі 186 950 мың долларға арзандады.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі 200,40 теңге/еуроны құрады, сауда көлемі - 400 мың еуроны құрады.

Ал Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ, баға белгіленімі болған жоқ.