KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,65 теңгені, еуро бағамы - 199,90 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,65 теңгені, еуро бағамы - 199,90 теңгені  құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,65 теңгені, ал сауда көлемі 173 350 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,08 теңгеге арзандап, сессия көлемі 86 900 мың долларға өсті.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі 199,90 теңге/еуроны құрады, бірақ ұсыныс болған жоқ.

Ал Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ, баға белгіленімі болған жоқ.