KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,99 теңгені, еуро бағамы 196,25 теңгені құрады

Қазақстанның қор биржасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, АҚШ-тағы Мартин Лютер Кинг күні мерекесіне байланысты Т+0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен доллар бойынша және T+0 (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша сауда болған жоқ. USDKZT_TOM және EURUSD_TOM санаттары үшін бүгінгі сессия негізгі болды.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+1 есебімен 146,99 теңгені, ал сауда көлемі 208 400 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,08 теңгеге арзандап, сессия көлемі 82 150 мың долларға өсті.
Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+1 доллар есебімен еуро бойынша да сауда жасалған жоқ.