KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,01 теңгені, еуро бағамы 198,95 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша,
None
None

T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,01 теңгені, ал сауда көлемі 60 850 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,12 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 133 500 мың долларға кеміді.

Т+0 теңге есебімен еуроның орташа бағамы 198,95 теңгені, ал сауда көлемі 500 мың еуроны құрады.

Ал Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар