KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 147,05 теңгені, еуро бағамы 200,90/201,90 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 147,05 теңгені, еуро  бағамы  200,90/201,90 теңгені  құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,05 теңгені, ал сауда көлемі 46 330 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,04 теңгеге арзандап, сессия көлемі 2 730 мың долларға өсті.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар сәттегі үздік баға белгіленімі еуро үшін 200,90/201,90 теңгені құрады.

Ал Т+0 доллар есебімен еуро валютасы бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар сәттегі сұраныс еуро үшін 1,3660 долларды құрады, бірақ ұсыныс болған жоқ.