KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,20 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,20 теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,20 теңгені, ал сауда көлемі 76 700 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,04 теңгеге арзандап, сессия көлемі 64 400 мың долларға кеміді.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.

Ал Т+0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы 1,2883 долларды құрады, сессия көлемі - 600 мың еуроны шамалады.