11:21, 11 Қараша 2011 | GMT +5
KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 148,13 теңгені, еуро бағамы 202,30 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Т+0 есебімен АҚШ доллары бойынша теңгемен (USDKZT_TOD) және Т+0 есебімен еуро бойынша АҚШ долларында (EURUSD_TOD) KASE сауда мәмілесі жасалған жоқ, өйткені бүгін АҚШ-та Ардагерлер күні аталып өтілуде.
Для USDKZT_TOM мен EURUSD_TOM үшін 2010 жылғы 11 қарашадағы аталмыш сессия негізгі болып табылады.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+1 есебімен 148,13 теңгені (+0,05 теңге), ал сауда көлемі - 79 200 мың долларды (-186 500 мың АҚШ доллар) құрады.
Т+0 есебімен еуроның орташа бағасы 202,30 теңге, сауда көлемі -100 мың еуроны құрайды.
Т+0 есебімен еуро бойынша АҚШ долларында мәміле жасалған жоқ, сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.