KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы -147,94 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және АҚШ доллары (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы -147,94 теңгені  құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Жұма күнгі саудасына қор биржасының «В» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,94 теңгені, ал сауда көлемі 127 700 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,06 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 28 370 мың долларға кеміді.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша және Т+0 доллар есебімен еуро бойынша да мәміле жасалған жоқ.