KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы -148,04 теңгені, еуро бағамы - 214,98 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және АҚШ доллары (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 148,04 теңгені, ал сауда көлемі 252 180 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,02 теңгеге арзандап, сессия көлемі 157 510 мың долларға өсті.
Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі ұсыныс еуро үшін 214,98 теңгені құрады, бірақ сұраныс болған жоқ.
Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.