KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,29 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 9 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,29 теңгені, ал сауда көлемі 8 600 мың долларды құрады.Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,03 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 41 105 мың долларға азайды.