KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,35 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,35 теңгені, ал сауда көлемі 50 600 мың долларды құрады.Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,05 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 12 800 мың долларға артты.