12:10, 13 Шілде 2009 | GMT +5
KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,44 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 14 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін 150,44 теңгені, ал сауда көлемі 44 750 мың долларды құрады. Жұма күнгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,15 теңгеге арзандап, сессия көлемі 8 515 мың долларға кеміді.