KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,50 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Қарашаның 16-cы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 15 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен валюта бірлігі үшін 150,50 теңгені, ал сауда көлемі 413 650 мың долларды құрады.
Жұма күнгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,45 теңгеге арзандап, ал сессия көлемі 125 500 мың долларға өсті.