KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,65 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Шілденің 17-сі.  ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,65 теңгені құрады

USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 19  мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін  150,73 теңгені, ал сауда көлемі  98 860    мың долларды құрады. Кешегі   таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,02 теңгеге арзандап,   сессия көлемі  6 540  мың долларға   азайды.