11:32, 02 Қараша 2009 | GMT +5
KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,75 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 13 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен валюта бірлігі үшін 150,75 теңгені, ал сауда көлемі 70 015 мың долларды құрады.
Жұма күнгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,01 теңгеге қымбаттап, ал сессия көлемі 63 055 мың долларға кеміді.