KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,85 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қарашаның 3-і.  ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
None
None

USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 17  мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен валюта бірлігі үшін  150,85 теңгені, ал сауда көлемі  96 150 мың долларды құрады. 

Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы  0,10 теңгеге  қымбаттап,   ал  сессия көлемі  26 135    мың  долларға артты.

Соңғы жаңалықтар