KASE таңғы сессиясы: USDKZT_TOD - 147,52 (+0,03), EURKZT_TOD - 187,60

АЛМАТЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE таңғы сессиясы: USDKZT_TOD - 147,52 (+0,03), EURKZT_TOD - 187,60

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,52 теңгені (+0,03 теңге), ал сауда көлемі - 38 450 мың долларды құрады (- 68 050 мың АҚШ доллары).

Т+0 есебімен еуроның орташа бағамы бір еуро үшін 187,60 теңгені, сауда көлемі - 300 мың еуроны құрады.

Т+0 АҚШ доллары есебімен келісімдер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.