KASE валюталық реттеуга қатысты заңнама жөнінде түсініктеме берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк ҚР Ұлттық банк ұсынған жаңа заң жобасының қор биржасына қажетті маңызды тұстарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE валюталық реттеуга қатысты заңнама жөнінде түсініктеме берді

«Біз қор биржасының валюта нарығында тек банктер ғана емес, басқа да тұлғалар ойнағанын қалаймыз. Менің білуімше, мұны жасауға барлық жағдай бар. Жаңа заңнама бойынша брокерлерге, олардың клиенттеріне нарыққа кіруге рұқсат беріледі. Бұл өтімділікті арттырады, валюталық тәуекелдерді азайтады. Мәселен Ресейде бұл тәжірибе бұрыннан бар. Онда қор нарығында тіпті роботтар да жұмыс істейді», - деді А.Цалюк.

Оның айтуынша, қазіргі таңда брокерлер мен Ұлттық банк арасында осы мәселеге байланысты екіжақты жұмыс жүріп жатыр. Брокерлердің қанша клиентпен нарыққа шығатындығы талқылануда.

«Құнды қағаздармен жұмыс жеңілдетіледі.  Ең бастысы қатысушылар валютаны еврооблигациялар нарығында ауыстыра алатындай жағдай жасау керек. Біздің биржамыз сияқты биржалар санаулы-ақ. Валютаны айырбастау үшін биржаның басқа бұрышына барып жатудың қажеті жоқ. Бәрі бір жерде», - деді А.Цалюк.

Айта кету керек, кеше Ұлттық банк елдегі шетелдік валюта қозғалысын қатың бақылауға алу керектігін айтқан болатын.