Қашаған 2025 жылдан бастап сұйытылған газды ел нарығына шығаратын болды
АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрлігі Қашаған сұйытылған мұнай газын Қазақстан нарығына жеткізу бойынша алдын ала келісімге келді.
Бүгін Үкіметтің ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Энергетика министрлігі Қашаған кен орнының акционерлерімен бірлесіп сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу туралы алдын ала келісімге қол жеткізді.
Оған сәйкес, QazaqGaz ұлттық компаниясы Қашаған кен орнының акционерлерімен «Болашақ» біріктірілген мұнай және газды кешенді қайта өңдеу қондырғысында өндірілген сұйытылған мұнай газының болашақ әлеуетті жеткізілімдері туралы келіссөздер жүргізуге ұсынылып отыр.
Бүгінгі таңда тараптар 2024 жылы сұйытылған мұнай газы саласындағы инфрақұрылымдық жоба бойынша түпкілікті инвестициялық шешім қабылдау бағытында ынтымақтастық жүргізіп жатыр.
Қазақстандық нарыққа сұйытылған мұнай газын жеткізу 2025 жылдың соңына қарай басталады деп жоспарланған.
2027 жылға қарай Қашаған кен орындарындағы инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталғаннан кейін СМГ өндірісінің көлемі жылына 700 мың тоннаға жетеді.