Қашаған кен орнында жөндеу жұмысы 3 қазанда басталады

қашаған
Фото: kmg.kz

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысында орналасқан Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмысы 3 қазанда басталады.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Қашаған мұнай кенішінің акционерлерінен жөндеу жұмыстарын кейінге қалдыруды сұрады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. 

«Жөндеу жұмысын кейінге қалдыру ішкі талқылау кезінде қарастырылған нұсқалардың бірі ғана болды. Бірақ ол қабылданбады. Министрлік Қашған кен орнындағы жөндеу жұмыстары 3 қазаннан бастап кестеге сәйкес жүргізілетінін растайды. Бұл министрліктің аналитикалық агенттіктермен телефон арқылы сөйлесуінде, сондай-ақ өткен аптада ОПЕК Бас хатшысының Астанаға сапары кезінде айтылған. Қазақстан ОПЕК+ шараларына толығымен бейілді болып қала береді. ОПЕК хатшылығына ұсынылған өндірісті ерікті түрде қысқарту және өтемақы жоспарын толығымен орындау үшін барлық шаралар қабылданады», -деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін министрлік Қашағанда жөндеу жұмысын кейінге қалдыру жөнінде нақты шешім қабылданбағанын мәлімдеген болатын. 

Қашаған сұйытылған газын жеткізу туралы шартқа қол қойылғаны хабарланды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram