15:43, 08 Қазан 2013 | GMT +5
Қашаған кен орнынан бүгінде тәулігіне 60 мың баррель мұнай өндіріледі - Сауат Мыңбаев
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінде Қашаған кен орнынан тәулігіне 60 мың баррель мұнай өндіріледі.

Бұл туралы 8-ші KAZENERGY Еуразия форумының аясындағы пленарлық сессияда «ҚазМұнайГаз» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, жыл сайын елдің мұнай-газ саласына айтарлықтай инвестициялар түсіп, өндіру саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр.
«Сондай жобалардың бірі, сөзсіз - Қашаған (Солтүстік Каспий жобасы). Форум қарсаңында Қашаған кен орнынан бірінші мұнай өндірілді, бүгінде онда тәулігіне 60 мың баррель мұнай өндіріледі. Қазақстан өзінің серіктестерімен бірге оған қол жеткізу үшін шамамен 10 жылдан артық уақыт жұмсады», - деді С.Мыңбаев.