«Қашаған» кен орнынан экспортқа 5 млн тонна күкірт жіберілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кенорнынан экспортқа 5 млн тонна күкірт жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қашаған» кен орнынан экспортқа 5 млн тонна күкірт жіберілді

Әлемде теңдесі жоқ кен орнының бірі – «Қашаған». Аталған кен орны Атырау қаласынан

80 шақырым қашықтағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Кен орны 2000

жылғы 30 маусымда «Восток-1» ұңғымасымен ашылды.

Бұл соңғы 40 жыл ішінде ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірінен саналады.

Кен орнын өнеркәсіптік өндіру үшін жасанды аралдар тұрғызылған. Ал, мұнай өндіру

2013 жылғы 11 қыркүйекте басталды.

Кен орнын Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы игеріп жатыр.

«Солтүстік Каспий жобасы үшін күкіртті газды өңдеу, сонымен қатар, күкірт өндіру

процесін қауіпсіз және тиімді түрде басқарудың маңызы зор. Кен орнында күн сайын 4

мың тоннаға жуық күкірт өндіріледі. Кен орнын игеру басталғалы бері экспортқа 5 млн

тонна күкірт экспортқа жөнелтілді. «Қашаған» кен орнының күкірті теміржол желісі

арқылы халықаралық терминалдарға тасымалданады», -деп хабарлады NCOC

компаниясының баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын былтыр Атырау облысында 8,5 трлн теңгенің өнеркәсіптік

өнімі өндірілгенін хабарлаған болатынбыз.



Иллюстрациялық фото: amootiranian.com