Қашаған кен орынының тәжірибелік-өнеркәсіптік кезеңі мерзімінде жүзеге асырылады - Мұнай және газ министрі

«Қазақстан мұнай өндіру шыңы әлі алда болатын санаулы елдердің бірі. Егер көлем турасында айтар болсақ, онда өткен жылы өндірілген мұнай көлемі шамамен 80 млн. тоннаны құрады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, 2015 жылға қарай Қазақстан 90-95 млн. тонна, ал 2020 жылға қарай 120-130 млн. тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр.
Бұл орайда министр бұл деректердің болжам емес, нақты нәтижелерге негізделгенін баса айтты. Сонымен қатар өндірілетін мұнай көлемін арттыра түсетін де жобалар бар. Мәселен, «Теңізшевройл» компаниясы алдағы уақытта жылына шамамен 12 млн. тонна мұнай өндіретін болады.
«Мен тіпті Каспий қайраңы турасында айтып та отырғаным жоқ. Егер бұл туралы айтар болсақ, онда біз бұған дейін келісілген Қашаған кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік кезеңі мерзімінде жүзеге асырылады деп санаймыз. Бұл 2012 жылдың соңы мен 2013 жыл», -деді С.Мыңбаев.