Қашаған мердігері 1,9 млрд доллар бонус төледі
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қашағанда тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің 1-ші кезеңі жүргізілуде. Ол тәулігіне 370 мың баррель немесе жылына 13 млн тонна мұнаймен сипатталады. Бірінші кезең аясында пайдалану-техникалық кешені, теңіздегі 4 бұрғылау аралы, құрлықта «Болашақ» зауыты салынды.
«Өнімді бөлу туралы келісім қолданыла бастағаннан бері мердігер 1,9 млрд доллар мөлшерінде бонус төледі. 2017 жылы мұнай баррелі 50 доллар болған кезде мемлекет бюджетіне түсім 135 млн долларды құрайтын болады», - деді вице-министр.
Ведомство ақпаратына қарағанда, келесі жыл Қашағанның бірінші толық операциялық жылы саналады және еліміз өндірілген ресурстардан өз үлесін алуын жалғастырады. 1 млн 670 мың тонна мұнай КТК құбырлары арқылы Новороссйск портына дейін Қара теңіз жағалауына жеткізіледі. Ал ҚазТрансГаз-дың газ құбырлары желісіне экспорттау және ішкі нарық үшін 101 млрд текше метр газ жіберіледі. Темір жол арқылы сыртқы нарыққа және ішкі өндіріс үшін 230 мың тонна күкірт тасымалданады.