Қашаған нысандары кибершабуылдан зардап шеккен жоқ
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - NCOC компаниясының вирусқа қарсы жүйесі пайда болды, алайда ол кибершабуылдың алдын ала алған жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«NCOC вирусқа қарсы жүйесі жаңартылды. Ол іске қосылғанымен, шабуылдың алдын ала алған жоқ. Бұл жаһандық вирус және бізде оның NCOC-ке қарсы бағытталғандығына дәлеліміз жоқ. Біз вирустың біздің жүйемізге енгендігі арқылы оған қарсы әдістерді анықтау үшін және болашақтағы вирустардан қорғанысымызды жақсарту мақсатында Microsoft-пен жұмыс істейміз. Ақпараттық жүйелер бойынша мамандарымыздың жедел әрекеттері вирустың таралуын тоқтатуға көмектесті. Біз өз серіктестерімізбен ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жақсарту мақсатындағы бірнеше айларға созылатын бірлескен жұмыстарымызды бастап кеттік және бұл іс әрі қарай жалғаса береді», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
NCOC компониясының компьютерлері мен 10-20% серверлеріне кибершабуыл жасалғандығын естеріңізге саламыз. Серверлердің қордағы көшірмелері бар, сол себепті шабуыл залалы аса маңызды бола қойған жоқ. Шабуыл Қашаған нысандарындағы өндіріс немесе технологиялық басқару жүйесіне де әсер еткен жоқ.