14:19, 05 Қазан 2010 | GMT +5
Қашаған жобасы бойынша мұнай өндіру белгіленген мерзімде басталады
/em>Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қашаған жобасы бойынша мұнай өндіру белгіленген мерзім бойынша басталады. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «KAZENERGY» бесінші еуразиялық форумы барысындағы баспасөз мәслихатында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.
«Қашаған жобасына тоқталатын болсақ, мұны ауқымды жоба ретінде бағалауға болады. Бұл жоба тұрғысындағы мәселелер концептуалды емес, керісінше басқару мазмұнына сәйкес келеді. Алайда біз мұнайды өндіру бойынша бұдан бұрын мәлімделген мерзім яғни, тәжірибелік-өндірістік кезең аясында орындалады деп пайымдаймыз», деді министр.
С. Мыңбаевтың айтуынша, мұның екінші фазасы бойынша кейбір мәселелер туындап отыр. Сонымен қатар «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың сөзіне қарағанда, Қашағанда жабдықтарды орнату бойынша барлық шаралар 2012 жылдың соңына қарай аяқталады. Ал 2013 жылы мұнай өндірудің барлық мүмкіндіктері іске асырылады.