Қашаған жобасында және басқа да мұнай-газ кеніштерін игеруде апаттарды болдырмау шаралары көзделген - С.Мыңбаев
Мексика шығанағында мұнай-газ кеніштерін игеруде мұнайдың теңізге ағып кетуіне байланысты экологиялық талаптарды сақтау жайына түсіндірме жасай отырып, С.Мыңбаев Қазақстан өкімет орындары мен Қашағанда жұмыс жасайтын консорциумның міндеті мұндай ешқандай апаттарға жол бермеу екендігін атап өтті.
Қашағанда мұнай өндіру мен Мексика шығанағындағы жұмыс жағдайларының өзгешеліктері бар. Қашағанда мұнай жасанды аралдарда өндірілуде, сонымен қатар Каспий жабық экологиялық жүйе, өндірілетін мұнайдың құрамында күкірт көп.
«Мұнайдың кез келген төгілуі жағдайы экологияға зиян. Заңдық жағынан алғанда, Қашағандағы жұмыстар бұрынғы жасалған келісімдерге сәйкес жүргізілуде. Бұл құжаттарға өзгертулер енгізілген жоқ. Сонымен қатар біз (Мұнай және газ министрлігі - Авт.) және концорциум Мексика шығанағындағы оқиғаларды ескере отырып, экологиялық мәселелер техникалық деңгейде көрініс табуы тиіс деп санаймыз», - деді С.Мыңбаев.