«Қашаған» жобасының өзін ақтауы мұнайдың әлемдік бағасының өзгерістеріне тікелей байланысты - Ұ. Қарабалин

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қашаған» жобасының өзін ақтауы мұнайдың әлемдік бағасының өзгерістеріне тікелей байланысты. Бүгін Астанадағы «KAZENERGY-2015» оныншы Еуразиялық форумы аясындағы мұнай-газ конференциясы жұмысына орай өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрінің орынбасары Ұзақбай Қарабалин осылай мәлімдеді.
None
None

Еске салайық, форум аясындағы мұнай-газ конференциясы «Еуразия өңіріндегі энергия қауіпсіздігі: жаңа ынтымақтастық механизмі» тақырыбында өткен болатын.

Министр орынбасары Қашаған жобасының құны қаншаға баратынын білу үшін ең алдымен ондағы мұнайды өндіру керек екенін еске салды. «Негізінен бағалаулар ол уақыттарда жағдай қалай болатынына және инвестицияның қайтарымдылығына байланысты болатыны сөзсіз. «Қашаған» секілді қырық жылдық келісімшарттық кезеңге жасалатын әлемдегі ең ірі жобаларды толық игеру үлкен жетістік болуы мүмкін. Шындығында, бұндай жобаларды игеру шикізатқа бағаның тұрақты кезеңінде ешуақытта болмаған», -деді вице-министр.

Оның айтуынша, жобаны игеруге кететін 40 жыл ішінде шикізат құны біресе жоғарылап, біресе құлдырайды. «Сондықтан да, «Қашағанды» дамыту қажет пе дегенге бірден «ол қазір де дамып жатыр» деп айта аламын. Дегенмен, басқа бір мәселе инвесторлар өздерінің салымын қалай, қаншалықты тез қайтарып алу мүмкін? Бұл ретте айтарым жобаның ақталуы бұл шикізатқа бағаның құлдырауы мен көтерілуі секілді құбылуларға тікелей байланысты» - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар