Қашағанда мұнай 10 ұңғымадан өндірілуде
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында орналасқан Қашаған теңіз кенішінде бұрғыланған ұңғымалар кезең-кезеңімен іске қосылуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«А аралында бұрғыланған ұңғымалардың саны - 8, D аралында 12 ұңғыма бар. Барлығы - 20 ұңғыма. Бұған қоса өзге жасанды аралдарда тағы 20 ұңғыма бұрғыланған. Осы уақытта дайын ұңғымалар негізінен А аралында пайдалануға берілген. Жақын күндері Д аралында бірінші дайын ұңғыма пайдалануға берілді. Алдағы уақытта мұнда оның тағы 10-ы іске қосылмақ. Мұнай барлығы 10 ұңғымадан шығарылуда. Қалғандары қуатылық деңгейінің шама-шарқына қарай іске қосылады. Кенді игеру жұмыстарының алдағы кезеңдері әлі жоспарлануда»,-деп хабарлады Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В» консорциумының басқарушы директоры Бруно Жарден.