Қашағанда тәулігіне 300 мың баррель мұнай өндіріледі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қашаған теңіз мұнай кен орны шикі газды пластқа толық көлемде айдауға кірісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Қашағандағы шикі газды пластқа айдау жұмыстары 2017 жылдың ортасында басталған болатын. Бұл күрделі кешендік жұмыс еш кедергісіз іске асырылды. Қазір газ айдау жоспары тәулігіне 300 мың баррельге жуықтады. Жыл басынан бері Қашанғанда 2,5 млн тонна мұнай өндірілді. Бірақ онымен шектелмейміз»,- деді North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) консорциумының басқарушы директоры Бруно Жарден «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Қашаған теңіз мұнай кен орнынан мұнай 2016 жылдың қыркүйегінен бастап өндіріле бастаған. Аталған мерзімнен бері өндірілген мұнай көлемі 11,5 млн тоннаға жеткен. Биыл компания 8 млн тоннадан кем емес мұнай өндіруді жоспарлап отыр.