Қашағанға 15 мың жұмысшы қажет болады

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алдағы уақытта Каспий шельфіндегі Қашаған жобасы іске асқаннан кейін осы кен орнына 15 мың кәсіби жұмысшы қажет болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада кәсіптік білім беру мәселелеріне арналған халықаралық форумда «Атамекен» одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Баймұханов мәлім етті.

«Иә, бұл бизнес және үкімет үшін үлкен мәселе. Себебі бүгінгі таңда бізде экономиканың нақты салалары бойынша маман сұранысын анықтайтын нақты мәлімет жоқ. Ал үш жылдан кейін Қашаған жобасы іске қосылады. Сол кезде бізге жерде және теңізде жұмыс істей алатын 15 мың кәсіби жұмысшы қажет болады», - дейді Б.Баймұханов.

Соңғы жаңалықтар