Қашағаннан мол табыс түсе бастады - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қашаған мол ақша ағынын түсіре бастады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атқарушы вице-президенті - қаржылық директоры Дәурен Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қашағандағы өндіріс қарқыны қазіргі уақытта тәулігіне 180 мың баррельді құрайды, бірақ жоба мұнай өңдеу мен өндіру қарқынын арттыру сатысында болғандықтан, қазірше тәулігіне қанша баррель өндірілетіні туралы ғана айта аламыз», - деді Дәурен Қарабаев.

Ол жыл аяғында аталған көрсеткіштің тәулігіне 370 мың баррельге дейін ұлғаятынын еске салды.

«Алдын-ала бағалаулар көрсеткендей, Қашағанға инвестициялар салынған соң 2017 жылы «Самұрық Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» 18 миллион доллар көлемінде таза табыс табады. Яғни, бұл жобаның өз операциялық шығындарын, өндіріс қарқынын қолдау мен арттыруға бағытталған капиталдық салымдарын өтегенін және серіктестері үшін мол табыс түсіріп үлгергенін білдіреді», - деп толықтырды Дәурен Қарабаев.

Соңғы жаңалықтар