«Қашағаннан» мұнай өндіретін NCOC компаниясына жаңа басқарушы директор келді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясының жаңа басқарушы директоры қызметіне кірісті. 

Джанкарло Рую
Фото: NCOC компаниясы

NCOC компаниясы 2016 жылдан бері Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан мұнай өндіреді. Енді аталған компанияның басқарушы директоры лауазымын Джанкарло Рую атқаратын болды.

«Джанкарло Руюдың Қазақстанда және халықаралық ауқымдағы мұнай-газ кен орындарын басқару стратегиясы саласында жиырма жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Италиядағы Пиза университетін бітіріп, «Азаматтық құрылыс» магистрі дәрежесін алған. Содан бері басқарушылық дағдысын жетілдіріп, мүдделі тараптармен берік қарым-қатынас орнату бойынша тәжірибе жинақтады. Ол түрлі өндірістік жобалардың барлау, игеру және пайдалану, сондай-ақ бизнесті дамыту жұмыстарының толық циклін қамтитын салаларына жауапты жұмыстарды атқарып келді», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Әр жылдары Абу-Дабидегі Eni/ADNOC бірлескен кәсіпорнында жерүсті операциялары бағдарламасының жетекшісі, «Eni Ghana» компаниясының басқарушы директоры, «North Caspian Operating Company» компаниясының 1-кезеңді әзірлеу жөніндегі директоры лауазымын атқарған. Осы кезге дейін «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» компаниясының бас директоры болған.

Еске сада кетелік, бұған дейін NCOC компаниясының басшылығы ауысатыны хабарланған еді