«Қашғарлық одиссея» фильмінің премьерасы ғаламторда көрсетіле бастады (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Уәлиханов экспедициясына қатысушылар ерекше жаңа жылдық сыйлық жасады. 29 желтоқсанда «Қашғарлық одиссея» фильмінің интернет-премьерасы өтті, деп хабарлады авторлар.
None
None

Бұл деректі картинаның авторлары Виталий Дворецкий мен Олег Белов Уәлихановтың белгілі саяхатының қытайлық бөлімі қалай қайталанғанны айтты. 2015 жылы Шоқанның 180 жылдығы тойланды. Фильм премьерасы мерейтойға арналған шаралардың өзіндік қорытындысы іспеттес болды.

«Біз Тянь-Шань таулары арқылы өтетін ең қиын жолды таңдадық, - деді Уәлиханов экспедициясының жетекшісі Мәулен Есімханов. - Экспедициямыздың мақсаты - Шоқанның барлық бағытын қайталау. Жобамыздың басты бөлігі Қашғарияға саяхат жасау. Шоқан 1858 жылы семейлік керуеннің көпесі ретінде барған Кашғария қаласы оның өміріндегі басты қала болды. 2009 жылы Шоқанның Қашғария саяхатының қырғыздық бөлігімен өттік. Ал 2014 жылы бұл бағыттың қытайлық бөлігін қайталадық. Оның қашғарлық есебінің көп бөлігі әлі күнге дейін құпия болып отыр. Бұл Шоқанның Қашғардағы өмір ерекшелігі туралы мағлұматтар өзектілігін жоғалтпағандығын көрсетеді».

«Жақын арада «Қашғарлық одиссея» Алматы облыстық «Жетісу» арнасында көрсетіледі. Сондай-ақ, республикалық хабар таратушылармен келіссөздер жүргіздік, олардың арасында толығымен саяхаттарға арналған «Тұран» телеарнасы бар, дейді фильм режиссері және операторы Виталий Дворецкий.

Соңғы жаңалықтар