Кашмир билігі ұлан-асыр той жасауға тыйым салды

Бұдан басқа, тойда ысырапқа жол бермес үшін жеті негізгі тағамнан артық ас берілмейді.
Өңірлік парламент мүшелерінің бірі бұл тыйымды Үндістанның барлық аумағына таратуды ұсынды.
Өкім үйлену тойларындағы абыр-дабыр шуға, тағамдардың ысырап болуына байланысты азаматтардан көптеген шағымдар түскен соң қабылданған.
Бұл тыйым 1984 жылы енгізілген болатын, алайда жаппай наразылықтар болған соң, алып тасталған.
Соңғы жылдардағы ұлан-асыр жасалған үйлену тойлары:
2004 жылы үндістандық миллиардер Лашкми Митталдың қызы Ваниши Митталдың тойына 74 млн. доллар жұмсалған. Forbes деректеріне сәйкес, 1000 қонақ жаңа отасқандардың отбасы есебінен Францияға жіберілген, өздері рәсімді Версалда бастаған.
Ханзада Чарльз бен ханшайым Диананың тойы 1981 жылы болды. Кей деректерге сәйкес, той 30 млн. фунтқа жасалған. Оның ұлы ханзада Уильямның неке қию рәсімі сәл арзандау - 20 млн. фунтқа түскен, деп жазды Daily Mail.
Өткен жылы наурызда Мәскеуде миллардер Михаил Гуцериевтің ұлы Саид Гуцериев пен Хадижа Ужахованың тойы өтті. MailOnline хабарлағандай, қалыңдықтың көйлегінің өзі 1,2 млн доллар тұрған. Тойға әртістер Дженнифер Лопес, Стинг және Энрике Иглесиас шақыртылған.