Кашмирдегі нөсер мен көшкін: бір үйдің жеті адамы тірідей көміліп қалған
АСТАНА. KAZINFORM — Үндістан бақылайтын Кашмир аймағында сенбі күні толассыз нөсер мен көшкін салдарынан кемінде 11 адам қаза тауып, бір адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды
Синьхуа.
Ресми өкілдердің айтуынша, табиғи апат Сринагардың оңтүстігіндегі Реаси мен Рамбан аудандарында болған.
— Таңертең ерте Реаси ауданының Карара ауылында жауын-шашыннан кейін болған көшкін бір үйді басып қалып, бір отбасының жеті мүшесі тірідей көміліп қалған. Ауыл тұрғындары мәйіттерді өздері алып шықты, — деді жергілікті билік өкілі.
Сондай-ақ Рамбан ауданының Раджад ауылында тағы төрт адам қаза тауып, бір адам із-түссіз жоғалған.
Осыған дейін хабарланғандай, Үндістандағы ауылды қуатты сел басып, төрт адам қаза тапты.