Кашмирді тұңғыш рет әйел адам басқаратын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Джамму және Кашмир штатын алғаш рет әйел басқаратын болды. 56 жастағы Мехбубу Мүфти өзінің әкесі және бұрынғы өңірдік бас министрі Мүфти Мухаммад Сайед дүниеден озған соң аймақ тізгінін қолына алды.

Кашмирді тұңғыш рет әйел адам басқаратын болды

Еске сала кетсек, штаттың бас министрі лауазымы үш айдай бос болған. Бұған Мүфти құрамында алынған Ұлттық-демократиялық партия мен Үндістандағы биліктің «Бхаратия джаната партиясы» арасындағы келіспеушілік себеп болды.

Сәуірдің басында тараптар келісімге келді, оның кей тұстары әлі құпия ұсталып отыр.

Джамму және Кашмир аумағы үшін Пәкістан мен Қытай дауласып жатыр.  Пәкістан билігі үндістандық штаттың бір бөлігін  «жаулап алынған аумақ» деп санайды.

Джамму мен Кашмир - тұрғындарының дені (шамамен 70%) ислам дінін ұстанатын Үндістандағы жалғыз штат.