08:12, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Кашпировский телеэкранға оралады
МӘСКЕУ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Жақын күндері НТВ эфиріне атақты сиқыршы Анатолий Кашпировский жүргізетін бағдарлама шыққалы отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. 1980 жылдың аяғында телеэкран арқылы халықты емдеп, атын шығарған Кашпировский енді өзін тележүргізуші ретінде байқап көрмек. Кашпировский 1962 жылы Винница медициналық институтын бітіргеннен кейін, 25 жыл бойы жүйке аурулары ауруханасында психотерапевт болып жұмыс істеген. 1989 жылы ол телеарнада бірнеше гипноз сеансын жүргізіп, аты шыққан болатын. 1993 жылы Мемлекеттік Думаның депутаты болып сайланған, 1995 жылы АҚШ-қа көшіп кеткен ол енді Ресейге оралып отыр.