Қашықтан оқыту: Оқушыларға қосымша компьютерлер сатып алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қашықтан оқыту аясында мұғалімдер мен оқушыларға қосымша компьютерлер сатып алынды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қашықтан оқыту: Оқушыларға қосымша компьютерлер сатып алынды

«Жергілікті атқарушы органдар бүгінде оқушыларды компьютермен, интернетпен қамтамасыз ету шараларын жалғастыруда. Мұғалімдер мен оқушыларға мектептердегі 250 мың компьютер таратылған болатын. 11 мыңнан астам компьютер қосымша сатып алынып, педагогтар мен балаларға жеткізіледі», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қашықтан оқыту аясында интернет платформа арқылы білім алып жатқан оқушылар туралы айтты.

Сонымен қатар, биыл қашықтан оқытуға қатысты жағдай өзгермесе, онда оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау соғылмауы мүмкін.