01:00, 23 Маусым 2016 | GMT +5
Қашып кеткен сарбаз кино көріп отырған жерінен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Санкт-Петербург қаласында әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды.

Қашқын сарбазды әскери полиция сауда орталығында «Варкрафт» фильмін көріп отырғанда қолға түсірген. Сарбаз әскери форма екендігін білдірмес үшін қалада шалбарын теріс қаратып киіп алып жүрген.
Бір қызығы сарбазға әкімшілік жазадан басқа жауапкершілік жүктелмеген. Ол өз бөліміне қайтарылып, борышын өтеуін жалғастыра береді.