Кәсіби коммуникаторлар өздері беделді деп танитын тұлғалардың есімдерін атады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Беделді тұлғалардың қатарында сондай-ақ, Мұрат Әуезов, Герольд Бельгер, Қанат Берентаев, Ораз Жандосов, Олжас Сүлейменов, Иманғали Тасмағамбетов, Ермек Тұрсынов бар. Олардың ішінде билік органдарының өкілі Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов қана. Беделді тұлғалар қоғамда қандай негізгі рөл орындайды деген сауалға кәсіби коммуникаторлардың 67 пайызы түрлі сауалдар бойынша қоғамдық пікірді қалыптастыруда басты рөл атқарады деп жауап берді. Ал 27 пайызы ең басты емес десе, 7 пайызы басты рөлде емес деп санады», дейді PR Communications консалтинг агенттігінің бас директоры Әсел Қараулова. Оның айтуынша, беделді тұлғалардың елге жеке қатынасы арқылы қызмет етудегі рөлін де мамандар әрқилы бағалауда. Мәселен олардың 47 пайызы басты деп санаса, 44 пайызы ең басты емес, 30 пайызы басты емес деп атаған.