Кәсіби коммуникаторлардың көңіл-күй барометрі жасалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ICC Advisors» агенттігінің қолдауымен "Коммуникаторлар бармотрі" зерттеу жұмысы жасалды. Қазақстанның соңғы уақыттағы ірі халықаралық жобалардағы нақты мақсаты қандай деген сауалға кәсіби коммуникаторлардың 12,6 пайызы халықаралық саясатта ықпалды ойыншы болу деді. 11,3 пайызы әр жобаның өз мақсаты бар десе, 7,5 пайызы Қазақстанның дамуы үшін стимул жасау деп санайды. Ал қалғандары азаматтардың патриоттық сезімін нығайту (1,2 пайыз), басты мақсаты жоқ (1,2 пайыз), елдің нақты жетістіктерін көрсету (1,2 пайыз) дегенді айтып отыр», дейді PR Communications консалтинг агенттігінің бас директоры Әсел Қараулова. Оның айтуынша, зерттеу жұмысы кезінде, мемлекеттік құрылымдардың ақпараттық саясатты жасау кезінде әлеуметтік және маркетингтік зерттеулерді қолдануын мамандардың 60,4 пайызы сирек, 14,8 пайызы мүлде қолданылмайды деп санайды. Ал 12,3 пайызы - жиі қолданады, 9,8 пайызы - білмеймін десе, тек 2,4 пайызы ғана әрдайым қолданады деп жауап берген. Сондай-ақ 52 пайызы мемлекеттік құрылымдардың ақпараттық саясатын жасау ведомствосы жетекшілері мен кейбір шенеуніктердің жеке қызығушылығына бағытталады. 32 пайызы саяси тиімділік үшін, 5 пайызы өз жұмыстарын әділ және обьективті көрсету үшін десе, 4 пайызы басқа, ал қалған 4 пайызы айтуға қиналамын деп жауап берген.