Кәсіби мереке қарсаңында Қарағанды облысы әкімінің сыйлықтары аймақтың таңдаулы педагогтарына берілді

«Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз қарсаңында біз дәстүр бойынша облыстың таңдаулы педагогтарына сыйлықтар тапсыру салтанатын өткіземіз. Бұл шараның еліміз Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына әзірленіп жатқан тұста өтуінің маңызы зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім саласына аса зор көңіл бөлуінің арқасында ол мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі болып отыр және оны дамытуға жаңа мүмкіндік алды», - деді Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов.
Соңғы 10 жылда білім саласына жұмсалған қаржы 8 есе өсті, биылғы жылы оның көлемі 54 млрд.теңгеге жетті, деп атап өтті облыс әкімі. «Осы кезеңде облыста 12 жаңа балабақша, 25 мектеп салынды. Техникалық жарақтандыру бағдарламасының ауқымында тек соңғы жылдың өзінде кеңжолақты Интернетке қосылған мектептер саны 36 пайыздан 72 пайызға дейін өсті. Соңғы 5 жылда облыс педагогтарына 217 пәтер бөлінді, 127 ауылдық мектеп мұғалімдері тұрғын үй сатып алуға жеңілдікті несиелер алды», - деген мысалдарды тілге тиек етті С.Ахметов. Жыл сайынғы сыйлық соңғы алты жыл бойы тапсырылып келеді, бұл мұғалім еңбегін құрметтеудің белгісі», деп атап көрсетті аймақ басшысы.
Облыстық білім басқармасының ақпараты боынша, конкурсқа қатысуға 161 өтінім түскен. 200 мың теңге көлеміндегі сыйлық облыстың 14 таңдаулы педагогына тапсырылды. Білім беруді дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін екі балалар үйінің басшыларына 1 миллион теңгенің сертификаттары тапсырылды. Награданы облыс әкімі және салтанатқа қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов тапсырды.